Қазақстанда душ пен унитазға су ағызғаны үшін айыппұл салына ма – Министрлік жауап берді

49

Желіде ауыз суды орынсыз пайдаланғаны үшін айыппұлды көбейтуді ұсынылып жатқаны туралы хабарлама пайда болды. Оның ішінде душ, ванна және дәретханаға көп су ағызса, 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл салынады деп жазылған екен.

«Министрлік жариялаған суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдарды көбейту жүйесі туралы нормативтік құқықтық актілерге қатысты жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл суды көп мөлшерде пайдаланатын қызмет және оны өте үнемсіз пайдаланатын кәсіпорындар мен компанияларға қатысты. Бұл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және т.б. салалар», – деді су ресурстары министрлігі.

Айыппұлдар суды тұрмыстық мақсатта пайдаланатын тұлғаларға қатысты емес деп қосты ведомство.

https://stan.kz/kazakstanda-dush-pen-unitazga-su-agizgani-ushin-ayippyl-404869/

Leave A Reply

Your email address will not be published.