«Біліп қойыңдар!»: Танымал актер әйелімен ажырасып кеткенін мәлім етті

111
«Біліп қойыңдар!»: Танымал актер әйелімен ажырасып кеткенін мәлім етті
 instagram

Танымал актер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген ортақ некеден екі ұлы бар әйелімен ажырасқанын растады.

Айта кетейік, өнер иесі 2018 жылы Фариза есімді арумен шаңырақ көтерген еді.

«Менің міндетім – ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады. Біреудің өміріне араласпаған ұзақ өмір сүреді екен. Балаларыма көмектесіп тұрамын. Ондай әке емеспін. Апта сайын көрісіп, қыдыртып тұрамын. Анам той жасау қамына кірісті. Мәслихат өткізіп жатыр. Ұрыссыз, жанжалсыз ажырастық. Жақсы жар болмасақ та, жақсы ата-ана болуға уәде бердік. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Бізге махаббат қызық мол жылдар нәсіп етсін деп дұға тілеңіздер!», – деп жазды актер.

Актердың бұрынғы әйелі де ажырасып кеткендеріне қатысты пікір білдірді.

«Сіздер тұрмақ өзім де ажырасып кеткенімнен шок алдым. Ешкім алда не күтіп тұрғанын білмейді. Өзіңе сен өлгенше деп бекер айтылмаған екен», – деді Фариза Алмасқызы.

https://turkystan.kz/article/246407-bilip-koiyndar-tanymal-akter-ielimen-azhyrasyp-ketkenin-m-lim-etti

Leave A Reply

Your email address will not be published.