Екі қызын зорлаған әкеге қатысты сот үкімі шықты

78
Екі қызын зорлаған әкеге қатысты сот үкімі шықты
 Istockphoto.com

Алматы облысында кәмелетке толмаған екі қызын зорлады деп айыпталған ер адам 25 жылға сотталды. Бұл туралы Алматы облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Іс материалдарына сәйкес, 2010 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта сотталушы өзінің кішкентай және кәмелетке толмаған екі қызына қатысты бірнеше рет зорлық-зомбылықсыз, сондай-ақ зорлық-зомбылық тұрғысында да бірнеше рет жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған, «өлтіремін» деп қорқытып, олардың дәрменсіз жағдайын пайдаланып зорлаған.

Сот отырысы жабық есік жағдайында өтті, өйткені бірқатар жағдайлар жариялауға жатпайды.

Прокурор сотталушыға 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Алайда қыздардың әкесі кінәсін мойындаған жоқ.

«Сот үкімімен Ц. жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлігі, 120-бабы, 3-1-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды және қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған 25 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

https://turkystan.kz/article/246344-eki-kyzyn-zorlagan-kege-katysty-sot-ukimi-shykty

Leave A Reply

Your email address will not be published.