Таразда тыйым салынған тауарды сатқан жерасты дүкені анықталды

65

Таразда тыйым салынған тауарды сатқан жерасты дүкені анықталды
 Polisia.kz

Таразда полицейлер вейп сататын жерасты дүкенін анықтады.

«Қарасора – 2024» іс-шарасы барысында шекпейтін темекі өнімдерін сататын Smoking shop жерасты дүкені анықталды.

Тінту барысында 113 электрондық вейп (бір миллион теңгеден астам) табылып, тәркіленді.

8 мың рет ішке тартатын Waka электронды темекінің 1 данасының бағасы 10 мың теңгеден сатылады. 45 жастағы тұрғынға қатысты вейптерді тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

2024 жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынды.

«Бұрын осындай өнімдерді сатқан кәсіпкерлерді тауарды жою бойынша іс-шаралар жүргізуге және өз бизнесін қайта бағдарлауға шақырамыз», – деп бизнес-қоғамдастыққа өтініш білдірді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Оларды сату және тарату 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген.

https://turkystan.kz/article/246100-tarazda-tyiym-salyngan-tauardy-satkan-zherasty-dukeni-anyktaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.