Ресми ақпарат

192
Ресми ақпарат
2024 жыл 7 шілдеде сағат 17:20 шамасында Сарысу ауданында қатты жауын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, Аяпова, Абай, Құрақбай, Құдайбердиев, Байсейтова, Мәди, Панфилов, Клочкова, Шагиров, Есова, Алтынсарин, Мұратбаев, Жамбыл көшелеріндегі жалпы 200-ден астам үйдің аулаларын су алды.
Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді, барлық көшелер тау бөктерінде орналасқан.
Зардап шеккендер мен су басқан үйлер, аула аумақтарының саны нақтылануда.
Тұрғындарға көмектесу және су айдау жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін жергілікті атқарушы органдардан және төтенше жағдай департаментінен барлығы 50-ден астам адам, 17 бірлік техника жұмылдырылып, 11 мотопомпа және дрон қолданылуда.
Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.