Алматы мен Астанадан Алакөлге әуе рейстері іске қосылды

67

Алматы мен Астанадан Алакөлге әуе рейстері іске қосылды
 pixabay

QAZAQ AIR әуе компаниясы 20 маусымнан бастап мына туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді орындай бастады: Астана – Үшарал – Астана және Алматы – Үшарал – Алматы.

Ол үшін жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесі пайдаланылады.

Рейстер аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) кесте бойынша орындалады:

  • IQ 391 Астана (12:55) – Үшарал (14:40)
  • IQ 392 Үшарал (10:20) – Астана (12: 00)
  • IQ 403 Алматы (08:35) – Үшарал (09:50)
  • IQ 404 Үшарал (15:10) – Алматы (16:30)

«Алакөл көлі – жазғы маусымда қазақстандық туристердің ең танымал бағыттының бірі. Біздің әуе компанияның ұшу бағдарламасы ішкі рейстерді дамытуға бағытталған және Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді», — делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/244894-almaty-men-astanadan-alakolge-ue-reisteri-iske-kosyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.