Астанада енді жедел жәрдем дәрігерлері шақыртуларға таксимен барады.
Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ақпаратты растады.
«Күту уақытын қысқарту мақсатында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы көлік құралдарын жалдау шартын жасасты. Мұндай көлік құралдары жедел жәрдем бригадасы жеделдіктің 3-4 санаты бойынша шақыртуларға шығуы үшін қарастырылған. Аталған санаттар бойынша пациентті тасымалдау, сондай-ақ көлікті медициналық жабдықтармен жарақтандыру талап етілмейді», — делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/244463-elordada-endi-zhedel-zh-rdem-d-rigerleri-shakyrtularga-taksimen-barady