ШҚО-да екі есік арасына қысылып қалған 8 жастағы қыз құтқарылды

125

8 жастағы қызбен қоса, ағасын да құтқарып қалған

ШҚО-да екі есік арасына қысылып қалған 8 жастағы қыз құтқарылды
 gov kz

Өскеменде құтқарушылар екі есік арасына қысылып қалған 8 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz  Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындар Протозанов көшесінде тұрғындар балалардың көмек сұрап айқайлағанын естіген. Белгілі болғандай, қыз екі есіктің арасында қалып қойған. Көршілер құтқарушыларды көмекке шақырды. Мамандандырылған жасақтың қызметкері Арнат Қасенов қорыққан баланы тыныштандырып, тоқтаусыз сөйлесіп отырды, сонымен бірге құлыпты бөлшектеді. Есік қауіпсіз ашылғаннан кейін, 2016 жылы туған қыз құтқарылды. Алайда, бұл операция аяқталған жоқ, пәтердегі екінші есіктің артында ағасы құтқарылды.

ШҚО ТЖД ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

https://turkystan.kz/article/244310-shko-da-eki-esik-arasyna-kysylyp-kalgan-8-zhastagy-kyz-ku-tkaryldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.