Түзеу мекемесінде әскери қызметшілерге түрмедегі тәртіпті көрсетті

88

Бүгін, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі

департаментіне қарасты №59 мекемесінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің лауазымды тұлғалары мен әскери қызметшілерінің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету, өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермеу, санасын уландыратын қасиеттерден арылту мақсатында профилактикалық іс-шаралар өтті. Мекеме қызметкерлері әскери қызметшілерді темір торға тоғытылғандардың бүгінгі жай-күйімен, түрмедегі ұстау жағдайымен таныстырып, түрме ішін аралатты. Мұндай шаралар елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігін, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге өз үлесін қоса отырып, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін әскери қызметшілердің сауатсыздығын жою, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру жолындағы нақты қадам болып табылады. Басты мақсат-әскерилер арасында жымқыру, мемлекеттік мүлікті талан-таражға салу, билікті теріс және асыра пайдалану әрекеттерін болдырмау. Қылмыстың өтеуі-жаза екенін саналарына сіңіру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.