Фото: pixabay.com
Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту мен қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Алдағы уақытта Өзбекстанмен арада жаңа бағытта әуе рейсі ашылды. Осылайша, «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы биыл 1 маусымынан бастап жаңа Алматы-Нүкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындайды. Жолаушылар аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағымен Алматыдан Нүкіс қаласына қатынай алады. Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Елімізде халықаралық әуе рейстеріның саны артуда. Қазақстан Республикасынан 121 әуе бағыты бойынша халықаралық рейстердің саны аптасына 567-ге жетті. Қазіргі уақытта 28 мемлекетпен тікелей рейстер орындалуда.
Бұған дейін Талибан Қазақстанға әуе рейсін ашуға ниет білдірген еді.
https://stan.kz/1-mausiminan-bastap-ozbekstanga-zhana-bagitta-aue-reysi-400069/