қамқор боп жүрсе, әке-шеше соған риза болады.
Оларды шын қуантатын не бар?
“Балаңыз жақсы”деген сөз екен.
⠀
“Пәленше сіздің балаңыз ба? Өткенде көшеде көрдім, жүгіріп кеп сәлем берді”.
“Бір ісім түсіп барып едім, шаруамды шешіп берді”.
⠀
Мұндай сөз әкені жасартып жібереді. Ананың уайымын кетіреді.
⠀
Қоғамға пайдалы, ел сүйсінетін, жұрт тілекші болатын адам болсақ.
Соны естіген әке-шеше сырттай қуанып, бақыттан басы айналып отырады.
⠀
Әке-шешені бақытты қылу әдемі көлік, жайлы санаторий, қымбат тонмен өлшене бермейді.
⠀
“Балаңыз не деген жақсы адам? Қалай керемет тәрбиелегенсіз?”
Осындай риза қылатын сөзді айтқыза білуіміз керек.
Міне, әке-шешенің үлкен бақыты — сол.
Кәрімжан Айжанов.