Түрлі гаджеттердің пайда болуымен интернет-алаяқтықтың да түрі-түрі шығып жатыр. Қылмыскерлер қашықтықтан отырып-ақ, арам ойларын жүзеге асыруда.
Осы орайда, Жамбыл ауданындағы ірі сауда дүкендері мен адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда алаяқтықтың алдын-алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Алаяқтыққа жол жоқ» акциясы аясында 300-ден астам жадынама таратты.
Парақшаларда айлакерлерден сақтану әдістері және мамандардың нөмірі жазылған.
Жамбыл аудандық полиция бөлімі