Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілген. Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленіп жатыр.
Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып өткізеді. Сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіреді, — деді ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1 мың 345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1 мың 72 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды.
https://turkystan.kz/article/242046-mektep-o-uly-tary-100-payyz-cifrly-format-a-k-shirildi