МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

124

Жамбыл облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен келіп, Қарасу ауылдық округінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев және тұрғындар қатысты.

Басқосуда ауылдық округ әкімі Айдын Масатов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Абдалы Тоқбергенұлы жайылымдық жерлерді қайтару бойынша атқарылған жұмыстарға назар аударып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.
Сонымен қатар суару жүйелеріндегі кемшіліктер, спорт кешенін салу бойынша мәселелер көтерілді
Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.