Ынтымақ күні аталып өтті

134

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан келе жатқан «көктемгі жаңару» мерекесі. Бұл мереке бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Наурыз мерекесі Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы.

Биыл қолға алынған Наурызнама онкүндігі аясында қазақстандықтар Ынтымақ күнін тойлады. Бұл күн өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың қазіргі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуден тұрады.

Ынтымақ күні – ел үшін маңызды тарихи оқиғалар мен ұлттың жетістіктерін еске алу уақыты, сонымен қатар елдегі әртүрлі топтар мен қоғамдық топтарды біріктірудің маңыздылығын білдіреді.

Осы күнге орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде мерекелік шара өтті. Оның барысында жазасын өтеушілер елімізді мекен еткен жүзден аса ұлт пен ұлыстың бірлігі мен ынтымағын сақтаудың маңыздылығын айтып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.