Жамбыл облысында Мемлекеттік басқару академиясының филиал ашылды

1 055

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.

Сапары барысында ол облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ашылу рәсіміне қатып, қызметімен танысты.

Ашылу салтанатының қонақтары қатарында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық департаменттерінің басшылары болды.

Жиындағы сөзі барысында  Алик Шпекбаев  Мемлекеттік   басқару академиясының   өңірлердегі    филиалдарының    ашылуы    мемлекеттік қызметшілердің дамуына елеулі үлес қосатындығын, еліміздің дамуына оң әсерін тигізетінін айтып өтті.

Таразда Академияның филиалы елімізде Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесін құру шеңберінде ашылды және өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру орталығы болуға арналған.

Орташа алғанда, филиалдың базасында жыл сайын облыстағы мемлекеттік органдарының 2 мыңға жуық қызметкері қайта даярланып, біліктілігін арттырады. Сондай-ақ, Академия филиалы мемлекеттік жобалық басқаруды қолдану бойынша консультациялық қазмет көрсетеді. Ол үшін қажетті инфрақұрылым мен педагогикалық әлеуеті бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.