Құқықтық сауаттылықты арттыру

177
Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді.

Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі.

Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек.

Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл Құқықтық білім беру – нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.

Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды.

Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Есенов және Педагог-психолог Э.Нұржігітқызы, Тараз қаласы Полиция басқармасы 2-ші полиция бөлімі бастығы полиция подполковнигі А.Алметовпен кездесу өткізілді.

Жиында қаралған өзекті мәселердің бірі білім алушылардың арасындағы зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу мақсатында: Ішкі істер бөлімімен бірлесе жұмыс істеу; колледждің білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарының нәтижелігін арттыруға көмектесу;

Қауіпті топтарға жататын білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу.

Тараз қаласы Полиция басқармасы 2-ші полиция бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.