Мәжілісте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар заңға енгізілетін өзгерістер талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Заң жобасындағы өзгерістердің бірі – суицидтің алдын алу мақсатында қылмыстық кодекске жаңа 2 құрам бойынша норма енгізілген. Олар: суицидке итермелеу және суицидті насихаттау. Мысалы бұдан бірнеше жыл бұрын «Синий кит» немесе сол секілді ойындар бойынша әлеуметтік желілерде челенджге айналған еді.
– Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады. Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр, – дейді заң жобасын қорғаған депутат Жұлдыз Сүлейменова.
Заң жобалары мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген.
Заңға қандай нормалар ұсынылып отыр
Бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келетінін айтқан еді. Заң жобасында, депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынады:
- Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және де жазасын әлдеқайда қатаңдату;
- Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы бақ, немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру.
- отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
- педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр;
- суицидты насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
- балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ, кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылған.