Тиімді жастар саясаты — мемлекет беріктігінің басты шарты

296
ЖАСТАР САЯСАТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ БАЯНДАЛДЫ
Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының 2023 жылы атқарылған жұмыстарының және алдағы уақыттағы жоспарлары туралы алқа мәжілісі өтті.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Ілебаев Лесбек Құралбайұлының төрағалығымен өткен мәжіліске басқарма басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, жастар ресурстық орталықтарының директорлары қатысты.
Мәжіліс аясында 2023 жылы басқарманың атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасадым. Атап айтқанда:
1. 2023 жылы облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінген қаражат көлемі 89%-ға ұлғайды.
2. 2023 жылдың наурыз айында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді (жоспар 11 бағыттан, 100 шарадан тұрады).
3. Өңірлік жастар ресурстық орталықтары тарапынан «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде әлеуметтік мәртебесі анықталмаған 36 987 жаспен адрестік жұмыстар жүргізіліп, мәртебелері өзектендірілді.
4. «Жасыл ел» жобасына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 146,1 млн. теңге бөлініп, 1 991 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 269-ы уақытша бос жүрген (NEET) жастар болса, 18-і пробация тізімінде тұрған жастар.
Маусымдық жұмыстар барысында 298 300 м2 аумақ тазаланып, 286,1 тонна күл-қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, 888 қураған ағаштар кесіліп, 11 067 ағаш көшеттері отырғызылған.
5. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының үйлестіруімен студенттік құрылыс жасақтары құрылып, 120-160 мың теңге жалақыға 97 жас жұмыспен қамтылды.
6. 2023 жылы облыс көлемінде басқарманың үйлестіруімен жастар ресурстық орталықтары және мансап орталықтарымен 132 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерінде 2 168 жұмыс беруші мекеме қатысып, 7 821 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 5 534 жұмыссыз қатысса, оның 2 178-і жастар.
Жәрмеңке қорытындысымен 26 жас — әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 546 жас — жастар тәжірибесіне, 1 162 жас тұрақты жұмыс орындарына жолданды, 3 867 адам жұмыспен қамту шаралары бойынша консультация алған.
7. Мемлекеттік қолдау тетіктері туралы 289 ақпараттық кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды. Оған жалпы 19 650 жас қатысса, оның ішінде уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 3 029 жас, пробация тізімінде тұрған 381 жас мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық кеңес алды.
8. 2023 жылы «Жастар ресурстық орталықтарының» және мансап орталықтарының ықпалымен 27 655 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
9. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың І тоқсанында 5,1%-ды (12 923 жас) құраса, ІІІ тоқсан қорытындысымен 3,2%-ды (8 066 жас) құрады. Яғни, жастардың жұмыссыздық деңгейі 1,9%-ға (4 857 жасқа) төмендеді.
10. Уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі 2023 жылдың І тоқсанында 8,6%-ды (28 258 жас) құраса, ІІІ тоқсан қорытындысымен 6,5%-ды (21 237 жас) құрады. Яғни, 2,1%-ға (7 021 жасқа) төмендеді.
11. 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған 20 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды. 2022 жылмен салыстырғанда жобалар саны 14-ке көбейді.
12. Облыс әкімі мен орынбасарлары мен басқарма басшыларының және БАҚ басшыларының алғаш рет «Ашық лекция» жобасы іске асырылды.
13. «12 тамыз – Халықаралық жастар күніне» орай алғаш рет 55 іс-шарадан тұратын жастар апталығы, «Жас мемлекеттік қызметшілер форумы, «Жыр жауһары» атты облыстық жас ақындар арасында поэтикалық дуэль, “Әуенді battle” жобасы, ұлттық дәстүр мен ойындарды насихаттау мақсатында «JASSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасы ұйымдастырылды.
14. Облыстық «Дельфи» ойындары ұйымдастырылып, 3 оқушы республикалық/халықаралық «Дельфи» ойындарына жолдама алды.
15. 2023 жылға «Жайдарман» ойындарына облыс көлемінде жергілікті бюджеттен 14 млн. теңге қарастырылып, 2022 жылмен салыстырғанда қаражат сомасы 10 млн. теңгеге артты.
«12 тамыз – Халықаралық жастар күніне» орай ашық аспан астында облыстық «Жазғы кубок-2023» жайдарман ойыны, 5 рет облыс әкімінің кубогі үшін «Жоғары лига» және 5 рет басқарма кубогі үшін «Премьер лига» және «Маусымашар» Жайдарман ойындары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Тараз қаласы мен өңірдің 10 ауданында жайдарман ойындары өтті.
16. 2023 жылы өңірлік “Жайдарман” командалары арасында жетістіктер қатары көбейді. Атап айтқанда:
— «Жуалы», «Медиум» жайдарман командалары республикалық жоғары лигада өнер көрсетіп, «Жуалы» командасы республикалық жоғары лига ойынында 2-орын иеленіп, 15 млн. теңгені жеңіп алды;
— өңірлік «Престиж» жайдарман тобы республикалық ашық лигада өнер көрсетсе, 6 мектеп және студенттік командамыз республикалық «Номад» лигасында өнер көрсетті. Соның ішінде облысымыздың «ОЮ» командасы республикалық «Номад» лигасының чемпионы атанды;
— өңірлік «Медиум» командасы «Астана күніне» орай ұйымдастырылған республикалық жайдарман додасында жүлделі 2-ші орынды жеңіп алды.
— Меркі аудандық «Меркістан» оқушылар командасы республикалық «Junior» лигасында 3-орынды жеңіп алды.
17. «Жастар арасында әскери-патриоттық кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 15 студенті мен олардың 2 жетекшісіне парадтық, әскери және спорттық киімдер жиынтығы тігіліп, Қарағанды облысының Спаск қаласында өткен Халықаралық «Айбын» әскери-спорттық ойындар жарысына арнайы темір жол вагоны бөлініп, 17 адам жарысқа жолданды.
18. Медценаттарды тарта отырып, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында теолог, дінтанушы, жастар арасында кең тараған ТікТок, Instagram желілерінде танымал болған, әлеуметтік желіде отбасылық құндылықтарды насихаттап жүрген ұстаз Нұрлан Байжігітұлы Асановпен 1000-нан аса жастың кездесу алаңдары ұйымдастырылды.
19. Алғаш рет облыста жетістікке жеткен түрлі саланың мамандарымен, жас жеке кәсіпкерлермен сұхбаттар, подкасттар түсіру, ақыл-кеңестерін жастарға жеткізу мақсатында «Jas Motive» жобасы жүзеге асырылды.
20. Алғаш рет облыстың әр өңіріндегі жас кәсіпкерлер мен стартаперлердің кәсібін телевизиялық бағдарлама және «youtube» арнасы арқылы насихаттау мақсатында «Start Project» жобасы іске асырылды.
21. Әлеуметтік желілерде «Jas-JOBALIKE» парақшасы ашылып, мемлекеттік қолдау тетіктері, қаржылық сауаттылық, жастар арасында кәсіпкерлік және стартап идеялар туралы бейнероликтер мен ақпараттандырулар тұрақты орналастырылуда.
22. 2023 жылы Тараз, Шу қалалары мен аудандық «Жастар ресурстық орталықтары» тарапынан 11 бағытты қамтыған («Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу»-1 533, «Әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу»-527, «Спортқа баулу»-973, «Мәдени-шығармашылық»-1 438, «Құқықтық кеңес беру»-1 298, «Діни сауаттылықты арттыру»-744, «Психологиялық-танымдық кеңес беру»-1 1198, «Жастарға кеңес беру»-1 730, «Экологиялық мәдениетті нығайту»-862, «Этносаралық келісімді нығайту»-394, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»-639) 11 336 іс-шара (қала — 1 206, аудандар — 10 130) ұйымдастырылып, оған 317 769 адам (қала — 51 944, аудандар — 265 679) қамтылды.
23. «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасының қаражаты 4 есе (2022 жылы — 500 млн. тг. / 2023 жылы — 2 млрд. тг.) ұлғайып, 144 жас баспаналы болды.
24. 15 номинация бойынша «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысы және жастар ұйымдары мен белсенді жастар арасында 9 номинация бойынша үздіктерге басқарма сыйақысы берілді.
25. 15 жасқа жалпы құны 7,5 млн. теңге “Тәуелсіздік ұрпақтары” гранты табысталды.
26. 150-ге жуық өңірдің белсенді, жетістікке жеткен жастарын қамтыған “Әулиеата жастары” облыстық жастар энциклопедиясы әзірленді.
27. Меркі және Мойынқұм аудандық «Жастар ресурстық орталықтары» мемлекет теңгеріміндегі жеке ғимаратпен қамтамасыз етілді.
28. 2023 жылы өңірде мемлекеттік жастар саясатын ақпараттандыру бағытында БАҚ-да, әлеуметтік желі парақшалары мен сайттарда 38 243 жарияланса, басқарма мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан 2 080 материал жарияланды.
29. Басқарма басшысының 80-ге жуық жеке қабылдаулары және басқарма жанындағы «Жастар ресурстық орталықтары» директорларының 3 кеңесі өтті.
30. Басқарма басшысы Ж.Зұлпыхардың төрағалығымен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері арасында мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және дамыту мақсатында 37 хаттамалық тапсырма берілген және бұқаралық ақпарат құралдары алдында 3 брифинг өткізген, облыстық телеарналарда 20 сұқбат берген, 3 бағдарламаға қатысқан және облыстық газет беттеріне 8 авторлық мақала жариялаған.
Жастар орталықтарының жұмысына және іс-шараларына қатысты қосымша мәселелер бойынша облыстық “Жастар ресурстық орталығының” директоры Ізтілеуов Теміржан Серікұлы баяндама жасады.
Аппарат басшысы Лесбек Құралбайұлы баяндамашылар мен сала бойынша жауапты басшыларға сұрақтар қойып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша тапсырмалар берді.
Жомарт ЗҰЛПЫХАР,
Жамбыл облысы әкімдігі
жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.