Жылыой аудандық полиция бөлімі 9 қаңтар күні аудан тұрғынын іздестіріп жатыр. 1985 жылы туған азамат белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған.
39 жастағы азамат 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында “коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім” деп анасына хабарласқан көрінеді. Алайда одан кейін байланыс үзілген.
Іс-түссіз жоғалған адамды іздеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.
https://turkystan.kz/article/239063-atyrauly-er-adam-11-k-nnen-beri-tabylmay-zhatyr