Жол сапасы жақсаруы үшін…

258

Облыс орталығының бірқатар көшелеріне өткен жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Содан бері өңірдегі жолдың сапасы едәуір жақсарып келеді. 2023 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 87,5 пайызға жеткізілді. Сондай-ақ, жол мен материалдар сапасына сараптама жүргізу мақсатында аймақ бойынша 242 нысанға ішінара тексеу жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” РМК ҚОФ бөлім басшысы Ержан Усманов хабарлады.

– Республикалық маңыздағы жолдар бойынша 14 нысанға ішінара тексеу жұмыстарын жүргізілді. Ал филиал мамандары тарапынан 295 рет жолға шығу тіркеліп, алынған 807 сынамадан 128 сынама алынды. Сонымен қатар, аспаптық тексеру барысында 64 ақау анықталған. Тапсырыс берушілерге анықталған кемшіліктерді жолдай отырып, нәтижесінде 186 миллион 273 мың теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ал жергілікті жолдар бойынша 228 нысанға ішінара тексеру жүргізіліп, филиал мамандары тарапынан 470 рет жолға шығу тіркелді. Нәтижесінде 2040 сынама алынған. Сонымен қатар, аспаптық тексеру барысында 230 ақау анықталған. Тапсырыс берушілерге анықталған кемшіліктерді жолдай отырып, нәтижесінде 32,5 млн теңгеге қалпына келтіру жүргізілді, – деді Ержан Усманов.

 

Halyqline.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.