Әскерге өз еркімен аттанған -біздің Мақсат!

273
Міне, Азамат деп осындай жастарды айтуға болады.
Өйткені бүгінгі таңда әскерге бармаудың түрлі амалдарын қарастырып жүрген жастарымыз көп екені ащы да болса ақиқат.
Мақсат Жұмағұлов жуырда ғана әскерге өз еркімен аттанып, бүгінгі таңда Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның Сарбазы атанды.
Отанын қорғау-Қазақстан Республикасының азаматы және отбасының тірегі ретінде әрбір ер адамның қасиетті борышы.
Өз елінің патриоты болу, әскерге барып, еліне қызмет ету-әрбір жас Қазақстандықтың міндеті.
Жастар ресурстық орталығында қоғамдық негізде жұмыс жасап жүрген Мақсат-елін қорғау жолындағы борышын өтеу мақсатында аудандық медициналық комиссиясының барлық іріктеуінен сәтті өтіп, әскерге бару туралы шешімді өз еркімен қабылдап, Отан алдындағы қасиетті борышын аброймен өтеп келуге аттанды.
Отанды сүюге, елінің патриоты болуға тәрбиелеген ата-аналарына алғысымыз шексіз!
Әскери борыштарын адал атқарып, аман-есен елге оралуына тілектеспіз.
Асылжан Шуақбайұлы,
«Сарысу аудандық жастар ресурстық»
орталығының директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.