Шу ауданындаіскер әйелдер кеңесінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

635

Шу ауданында аудандық және қалалық іскер әйелдер кеңесінің жаңа ғимараты ашылды.
Нысанның ашылуына Жамбыл облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы А. Ақшалова және аудан әкімі Қ. Досаев қатысып, құттықтау сөз сөйлейді.
Қазіргі таңда ауданда кәсіп жасап, ісімен ілгерілеп жүрген қоғамның нәзік мүшелері аз деугеи келмейді.
Небәрі 3 айда бой көтерген бұл ғимарат ендігіде іскер әйелдердің ақылдасатын орталығы, кеңесетін кеңсесі болады. Істің басы-қасында жүрген аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ғ. Әбітаева екенің атап өтуге тиіспіз.
Лента қию рәсімі «Іс әрекеттегі Көшбасшылық»-Кәсіпкерлік дағдыларын дамыту аясында «Әйелдер және бизнес» атты шағын және орта кәсіпорындарының басшыларына арналған семинар шеберлік сағатына ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.