Ел Анасы ауданымызда

172
Бүгін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас редакторы Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызымен кездесу Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан Дарын өнер мектебінде ұйымдастырылды
Кездесуде Сәуле Мешітбайқызымен қазіргі заман талабы, Президентіміздің Жолдауымен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, тіл мәселесі, ұлттық құндылықтар туралы әңгімелесіп, ерекше сезімге бөленіп, көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алғандай болдық.
Көпшілікке берері көп, тағылымы мол басқосуда ел анасы ұлт пен ұрпақ тәрбиесі туралы ой қозғады.
Ұлттық құндылықтар, салт пен сана, берері мол бағдарламалары туралы да баса айтты.
Ұрпақ бойындағы ұлы қасиеттің сақталуы жайында оралымды ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті.
Ақжаулықты ана жыл басынан бері өңірде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Осы ретте өз тарапынан әрдайым ақпараттық және рухани қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді.
Кездесуге қатысқандар Сәуле Мешітбайқызымен суретке түсіп, еліміздегі өзекті мәселені көтерген келелі әңгімесі үшін алғысымыз шексіз.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.