Фото: Daily Storm Telegram-арнасынан
Сонымен қатар блогерде салыққа қатысты мәселелер туындаған.
«Бүгін блогер Мәскеуге келді, оны мекен-жайында полиция күтіп алды. Қазір Шабутдиновтың жағдайы белгісіз», – делінген хабарламада.
Ал Аяз Шабутдиновтың өкілі оның ұсталғанын жоққа шығарды. Бизнес-жаттықтырушының көмекшісі оның шынымен Ресейде екенін, бірақ қамауға алынбағанын айтты.
«Бәрі жақсы, жұмыс істеп жатыр. Жаңалықтың қайдан келгенін білмейміз», – деді көмекшісі.
Аяз Шабутдиновтың өзі қоңырауларға жауап бермейді.
Аяз Шабутдинов өзін миллиардер деп атайды. 2013 жылы ол жатақхана ашып, уақыт өте келе олардың желісін іске қосты. Кейінірек кофехана ашты. Соңғы жылдары блогер білім беру курстарын инвестициялап, сатумен айналысады. Шабутдиновтың Instagram желісінде екі миллионға жуық жазылушысы бар.https://stan.kz/millioner-bloger-bilim-beru-kurstarin-satu-kezinde-alay-390654/