Кітапханашыларды құрмет төріне шығарды

136
Қазіргі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте көне дәуірден бастау алады.
24 қазан – Кітапханашылар күні қарсаңында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өңір кітапханашыларымен кездесу өткізіп, оларды кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапханашылар болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы тұлға, ол кітапханашы екені даусыз. Білген адамға кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Ол оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады.
Құрметті кітапханашылар!
Сіздерге мықты денсаулық пен рухани байлық, кәсіби шеберлік пен парасаттылық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін, -деген Ерлан Қыдыралыұлы бірқатар кітапханашыны құрмет төріне шығарып, алғыс хат және сый-сияпат табыстады.
Тілектер легін аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев жалғастырып, қоғам дамуына кітапханашылардың қосатын үлесі орасан екенін, қадірлі мамандық иелері қашанда құрметке лайық екенін атап өтті.
Өз кезегінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева елеп-ескерген аудан басшыларына алғысын білдірді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова қатысты

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.