Тасөткелдің сейсмикалық күшейту, авариялық су бұру құрылғысын салу, төтенше жағдайлардың алдын алу және пайдалану қауіпсіздігін арттыру жобасы аяқталуға жақын.
Облыстық мәслихаттың өткен сессиясында құрылысқа қажетті қаржының соңғы бөлігі қарастырылды.
Қазір құрылыс монтаждау жұмыстарының төрттен бір бөлігі қалды.
Бүгінгі күнге су қоймада 175,0 млн. м³ су жиналды. Судың қоймаға түсуі — 75,0 м³/с, өзекке тасталуы — 8,0 м³/с.
Суды мейлінше көбірек жинауға мүмкіндік бар.
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары