ҚАЖ қызметкерлері қыстық киім үлгісіне көшті

321

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекеменің жеке құрамы қысқы киім нысанына көшуіне орай саптық байқау ұйымдастырылды. Саптық байқауды мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов жүргізді.

Мекеме бастығының орынбасары Ә.Дәулетқұлов қызметкерлердің нысанды киім-кешектері мен олардың сыртқы түрінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеріп, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын және сәйкестігіне тексеріс жүргізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жеке құрамның нысанды киім киіп жүруі мен сыртқы келбетін ұстау ережелерін сақтауын, сондай-ақ қызметкерлердің қысқы кезеңде іс-қимыл жасауға дайындығын тексеру.

– Жоспарлы саптық байқау жүйелі түрде, жылына екі рет – көктемде жазғы киім нысанына ауысқан кезде және күзде қысқы киім түріне өткен кезде өткізіледі. Саптық байқауда қызметкерлердің саптық дайындық дағдыларын, нысанды киім кию ережелерін сақтауы, қызметтік куәліктері, лауазымдары мен шендері тексерілді. Әрбір Ішкі істер органының қызметкері сыртқы киім үлгісі ұқыптылығымен ерекшеленіп, заңнаманы білуге тиіс, – дейді әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.