Бүгін ауданымыздың біртуар азаматы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жамбыл облысының және Шу ауданының «Құрметті азаматы» ақын, сазгер Исаева Бақыт Ақышқызы дүниеден озды.
Бақыт Ақышқызы 1953 жылы 1 қазанда Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген, Еңбек жолын сонау 1980 жылы Шу қалалық жүк тасымалдау автотранспорт кәсіпорында инженер экономист, бас экономисті қызметімен бастаған.
Сазгер ретінде 170-ке жуық әндердің авторы. Өскелең ұрпаққа рухани азық беретін патриоттық тақырыпқа бағытталған туындылары біздің мәңгілік жадымызда әрі мектептер мен балабақшалар бағдарламаларына енгізілген.
Саналы ғұмырын шығармашылыққа арнаған Бақыт Ақышқызы Қ.Р Президентінің «Құрмет грамотасы», «Нұр Отан» ХДП-ның «Құрмет грамотасы», «Қазақстан Патриоты» журналының «Алғыс хаты», Жамбыл облысы маслихатының «Құрмет грамотасымен», Шу аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың: «Құрмет грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен», Әйелдер форумында «Көш бастаушы ана» атағы, халық қаһарманы Қ.Рысқұлбековтың төс белгісінің иегері. 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойының мерекелік медалімен марапатталған.
Марқұмның барша туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.