Желіде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) аумағында болған қақтығыстың видеосы пайда болды.
«Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, «Қорғас» ШЫХО-да белгісіз біреулер мен учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен тағы да төтенше жағдай болды. Алайда белгісіз себептермен құқық бұзушыларды ұстамай отыр», — делінген видео астындағы жазбада.
Жетісу облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Оқиға «Қорғас» ШЫХО аумағында 6 қыркүйек күні болды. Төбелеске қатысқан 20-26 жас аралығындағы 12 жергілікті тұрғын ұсталды. Олар аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша жүргізілуде. Оқиға орнынан травматикалық тапанша тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Тергеу амалдары облыстық департаменттің бақылауында», — делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/234138-or-as-shekara-auma-ynda-zhappay-t-beles-boldy-video