Шымкентте ҰҚК қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» филиалына басып кірді (видео)

104

Фото бейнежазбадан алынған 

Әлеуметтік желіде тінту барысы түсірілген бейнежазба пайда болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент қызметкерлері мемлекеттік корпорацияның Шымкент қаласындағы филиалында тінту жүргізген.

«Тінту кезінде жер телімдерінің шекарасын заңсыз жылжыту фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бірқатар жер-кадастрлық құжаттар тәркіленді. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған шаралар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті біздің корпорацияға ешқандай түсініктеме берген жоқ», – делінген хабарламада.

https://stan.kz/shimkentte-ykk-kizmetkerleri-azamattarga-arnalgan-ukime-388851/

Leave A Reply

Your email address will not be published.