Танымал қазақстандық композитор-әнші, лирикалық баритон, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев 2021 жылы дүниеден озған болатын. Композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram-дағы парақшасында әкесі туралы жұрт білмейтін тың ақпаратпен бөлісті.
«Көбісі білмеуі мүмкін, әкем нағашыларының қолында тәрбиеленді. Сол кісілердің атымен тарихта қалды. Негізі, туған әкесі Құбаш Ибрашев деген кісі. Ол 1942 жылы ауырып, 24 жасында қайтыс болған», — деп жазды ол.
Сондай-ақ ол жақында әкесі жайлы кітап шығатынын айтты.
«Қазіргі уақытта әкемнің өміріне және шығармашылығына арналған кітап аяқталуға жақын. Алла жазса, 2024 жылдың басында жарық көреді», — деді Біржан Хасанғалиев.
https://turkystan.kz/article/234073-birzhan-hasan-aliev-kesi-zhayly-el-bilmeytin-a-paratty-zhariyalady