Қазақстанда балалардың шамамен 17,5%-ы буллингке ұшырайды
Сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 6,8%-ы айына 2-3 рет буллингке тап болады. 11-15 жастағы балалардың 14,1%-ы өз құрдастарына әлімжеттік көрсеткенін мойындады.
«Бұл ретте, сауалнама барысында анықталғандай, ұлдардың арасындағы буллингке қатысу көрсеткіштері қыздарға қарағанда жоғары. Буллингке ұшырағандарының ең жоғары үлесі 11 жастағы балалардың арасында болады және олар 15 жасқа толған сайын төмендейді. Егер өткен жылы 11 жастағы ұлдар мен қыздардың арасында буллингке ұшырағандарының үлесі (кемінде 2-3 рет) 17,7%, ал 2018 жылы 14% болды. Бұл балалардың арасында буллингке ұшырағандарының 3,7% өсуін білдіреді», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Буллингтің профилактикасы үшін ерте араласу өте маңызды, бала зорлық-зомбылықпен жалғыз қалмауы керек. Мұнда мұғалімдердің мұқияттылығы мен ұстанымы, ата-ана мен баланың арасындағы сенімді қарым-қатынас өте маңызды.
Мамандардың айтуынша, баланың буллингке ұшырағанының белгілері – зейін қою проблемалары, депрессия, көңіл-күйдің болмауы, ашуланшақтық, сенімсіздік, сезімталдықтың жоғарылауы, асқазанның ауруы, шаршау, тәбеттің болмауы, әлеуметтік байланыстардың жоқтығы, қорқыныш белгілері болуы мүмкін, мысалы, кеуде тұсындағы қысым, терлеу, арқасының, желкесінің, бұлшықеттерінің ауруы, ұйқының бұзылуы.
«Егер сіз балаңызда осындай белгілерді байқасаңыз, шұғыл шаралар қабылдау қажет. Ең алдымен мұғалімдерге хабарласып, бұл мәселені психологтарды және қажет болған жағдайда ювеналды инспекция қызметкерлерін тарта отырып, бірлесіп шешу керек», – делінген хабарламада.
Қазір жасөспірімдер мен жастарды қолдау үшін, оның ішінде буллинг мәселелері бойынша жоғары білікті тегін медициналық-психоәлеуметтік және медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 157 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.
https://turkystan.kz/article/233979-aza-standa-saualnama-a-atys-an-o-ushylardy-17-5-y-bullingke-shyra-an