Сарысу ауданында «Күміс алқа» иегерлеріне мемлекеттік награда табысталды.
Бүгін Сарысу ауданында «Күміс алқа» иегері атанған 9 анаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 17 шілдедегі №284 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік награда табысталды.
Салтанатты рәсімде аудан әкімі Сәкен Мамытов ұрпақ өсіріп, өңірдің демографиялық дамуына үлес қосқан аналарға алғысын жеткізді.
Шараға қатысқан алтын құрсақты аналардың бірі Гүлзира Бекұзақова Мемлекет басшысының аналарға қамқорлық танытып, мемлекеттік қолдау көрсетіп отырғанын, ана мен баланың болашағы үшін жасалған әр жақсылықтың қайтарымы терең екенін айтып, осындай шараны ұйымдастырған әкімдікке алғысын білдірді.
Ресми деректерге сүйенсек, аудан бойынша «алтын құрсақты» аналар саны – 1610 болса, оның ішінде «Алтын алқа» —672, «Күміс алқа» — 938, ал батыр аналар саны 134-ке жетіп отыр.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі