Жыланбалық он жылдан кейін ғайыптан Атырауда пайда болды. Балықшылардың ауына түскен балықтың ұзындығы 94 сантиметр», — делінген мақалада.
«Балық түрін нақтылау үшін оны Алматыға жібердік, онда зоологиялық комиссия «Қызыл кітапқа» енген балық түрімен айналысатын профессор қарайды. Шынымен де бұл балықтың өзен жыланбалығы екені анықталды. Орынборлық мамандар растап берді. Сол жақта бір кездері су қоймаларына жыланбалық құрты суға жіберілген екен. Сол жыланбалық бізге ағыспен келген сияқты», — деді Қазақа балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Атыраудағы филиалының ғылыми қызметкері Елена Бокова.