Экономиканың күретамыры саналатын жол қашанда айрықша маңызға ие. Тараз қаласында да бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, талай жылдан бері жол игілігін көрмеген аумақтарға ерекше екпін түсірілуде. Солардың бірі – «Бурыл» тұрғын алқабы.
Аталған алқапта жуырда жол жөндеу жұмыстары басталған еді. Қазіргі құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Күні кеше «Бурыл» алқабының Сәду Шәкіров көшесіне асфальт төсеу басталды. Мердігер мекеме – «Арайстроймаркет» ЖШС.
Алқап тұрғындарының сұранысын ескере отырып, биыл негізгі қоғамдық көлік қатынайтын жолдар орташа жөндеуден өтеді. Қалған жұмыстар 2024 жылға жоспарлануда.
Осылайша бурылдықтардың көптен күткен тілегі орындалуда.
Қазір мұндағы құрылыс басында 10-ға жуық техника мен 20-дан аса адам еңбек етуде.
Тараз қаласы әкімдігі