Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонды және тәжік халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ынтымақтастық жаңа мән-мазмұнға ие болды және байланыстарымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне толық сай келеді«, – деп жазылған жеделхатта.
Президент бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстан мен Тәжікстанның көпжақты қарым-қатынасы алдағы уақытта екі елдің игілігі мен мүддесі үшін нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.