САЛЫҚ ТӨЛЕУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕМЕУДІҢ САЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

90

Қала әкімшілігімен кірістер басқармасының мамандары бірлесіп салық төлеуден жалтарған берешегі бар азаматтарға адрестік түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Салық заңнамасында белгіленген мерзімде төленбеген салық сомасы берешек болып есептеледі. Салық төлеу – әр азаматтың міндеті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабында көрсетілген. Салықты төлеу бойынша міндетті орындамау немесе толық орындамау салық органымен берешекті анықтаған күннен бастап белгіленген мерзімде салық төлеушіге салықтық берешекті (берешек сомасы, сонымен қатар төленбеген өсімпұл және айыппұл сомасы) төлеу туралы хабарламаны жолдауға негіз болып табылады. Салықты төлемеген уақыт ағымында мемлекеттің салық төлеушіге деген мүліктік талабы белгіленген мерзімде төленбеген салық сомасына өсімпұл есептеу арқылы күн сайын өсетіндігін қаперіңізге саламыз. Осы мәселеде маған да қатысы бар деген тұрғындар оқып отырған болса салықты уақытынан кешіктірмей төлеу керектігін ескертеміз.

 

Шу Қаласы Әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.