Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамыз күні Павлодар қаласында сағат 22:35-те Ак. Шөкин көшесіндегі үйде 4 жастағы қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.
«Факт тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Павлодарлық полицейлер ересектерге қауіпсіздік шаралары туралы еске салады.https://turkystan.kz/article/230095-pavlodarda-4-zhasar-kyz-terezeden-kulap-koz-zhumdy/