Қызылордада жол апатынан екі адам көз жұмды

107

Қызылорда облысында  рейстегі автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 14 шілдеде Қызылорда қаласы Баймұрат ауылының тұсында  Шымкент-Самара   тасжолында болған.  Автобус Қызылорда – Қазалы бағытында қатынаған.

Жол – көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып,  автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

https://turkystan.kz/article/227856-kyzylordada-zhol-apatynan-eki-adam-koz-zhumdy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.