«АЛТЫН БЕЛГІ» ЖӘНЕ «ҮЗДІК АТТЕСТАТ» ИЕГЕРЛЕРІ МАРПАТТАЛДЫ

271
Бүгін Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерін салтанатты түрде қабылдады.
Марапаттау жиынына аудан мектептерінің біліктіліктері мен білімдерін дәлелдей білген мектеп бітіруші түлектері мен мектеп директорлары қатысты.
Шара барысында аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы әр түлекпен жеке – жеке танысып, оқушылардың бұл жетістігі білімді де өнегелі ұрпақ тәрбиелеу жолындағы аудан мектептерінің педагогикалық ұжымның еңбегінің арқасы екендігін айтты.
Марапат иелеріне үлкен өмірде биік белестерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.
Бойына отансүйгіштік қасиет дарыған, білімді, ой-өрісі кең азамат болып қалыптасуларына, күш-жігерлерін еліміздің берекесі мен байлығын арттыруға жұмасуға, өмірден өз орындарын табуға тілектестігін білдірді.
Бұдан кейін аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков жүзден жүйрік шыққан түлектерді құттықтады.
Айта кету керек, биылғы оқу жылында 8 оқушы «Алтын белгі» және 38 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.