ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

782
Жуырда ғана өңіріміздің бірқатар спортшылары Астана қаласында өткен спорттық және жауынгерлік самбодан топ жарып, ауданымыздың абыройын асқақтатып қайтқан болатын.
Дәлірек айтқанда, №36 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо жаттықтырушысы Адилет Адамбеков спорттық және жауынгерлік парасамбодан көру қабілеті төмен ересектер арасында Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы атанса, оның төл шәкірті Ахмет Ахмедов те дәл осы көрсеткішті қайталап, жеңімпаз атанып отыр. Сонымен қатар, №36 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын Зейнеп Оразхан да спорттық және жауынгерлік самбодан жастар арасындағы Азия және Океания чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінді.
Осыған орай, бүгін көк туымызды көкте желбіретіп, өңіріміздің намысын абыроймен қорғап қайтқан спортшылармен арнайы кездесіп, лайықты жеңістерімен құттықтадық. Спортшылардың жаттықтырушылары мен ата-аналарына да өз алғысымызды білдіріп, алдағы бәсекелерде топ жара беруіне тілектестігімізді білдірдік.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.