Әлемдегі ең қауіпті 10 мемлекет

199

Туристер үшін әлемдегі ең қауіпті он елдің тізімін ұсынамыз. Бұл ретте қылмыс деңгейі жоғары, әлеуметтік толқулар, саяси тұрақсыздық, терроризм жағдайлары сияқты факторларға негізделіп, ескерілді.

  1. Ауғанстан. 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған террорлық шабуылдан кейін елде НАТО әскері ұрыс-қимылдарын жүргізіп, биліктен исламдық топты алып тастады. Алайда, 2021 жылы  АҚШ әскери күші Ауғанстаннан кеткеннен кейін бүлік басталып, билік басына тәліптер қайта келді. Әлем бойынша героиннің 80 пайызы Ауғанстанда өсіріледі. Көк нәр егу елдегі кедей шаруалардың негізгі күнкөрісіне айналған.
  1. Пәкістан. Лаңкестер саны көп елдің бірі. Шын мәнінде Ауғанстан, Пәкістан аймағы террористік актілер бойынша Сирия, Ираннан кейінгі екінші орында тұр. Сонымен қатар саяси тұрақсыздық, халықтың көптігі, кедейлік, сауатсыздық және сыбайлас жемқорлық Пәкістанды әлемдегі ең қауіпті елдердің біріне айналдырды.
  1. Конго Демократиялық Республикасы. Саяси тұрақсыз ел, бірақ көптеген Африка штаттары сияқты табиғи ресурстарға бай. Елде сыбайлас жемқорлық пен қанаушылық, ресурстарды заңсыз өндіріп, тасымалдау фактілері бар. Қақтығыстар соңғы екі онжылдықта жиі болып, 5,4 миллионнан астам адамның өмірін қиды және «безгек» сияқты ауру кеңінен таралған.
  1. Оңтүстік Африка Республикасы (қысқаша – ОАР). Аталмыш ел 1960 жылы Франциядан тәуелсіздігін алғаннан кейін әртүрлі диктатуралық кезеңдерді өткізді. Кісі өлтіру, тонау, зорлық-зомбылық секілді ауыр қылмыстар кең таралған. Күн сайын мемлекет аумағында 50-ге жуық адам өлтіріледі. Туристік орындарда күн сайын қалта ұрылары мен қаржылық алаяқтар көбейіп келеді.
  1. Сомали. Елде 1991 жылы басталған ішкі қақтығысытар әлі басылған жоқ. Болып жатқан соғыстың салдарынан 100 мыңнан астам адам құрбан болды. Бүлікшілерді билік тоқтата алмай отыр.
  1. Ирак. Соғыстан зардап шеккен елдердің бірі. Қақтығыс ресми 2011 жылы аяқталғанмен, әлі де бар. Ал саяси деңгейде тұрақсыздықтың бары шындық. Ислам мемлекеті деп аталатын террорлық топ елде ықпалын жүргізу үшін берілмей келеді.
  1. Оңтүстік судан. 2011 жылы Суданнан тәуелсіздігін алған ел. Бұл аймақ он жылдай ішкі қақтығыстардан зардап шегіп келеді және этникалық зорлық-зомбылық қалыпты жағдайға айналды. Халықтың осал топтары көпжылдық әлеуметтік және саяси тұрақсыздықтың, азық-түліктің жетіспеушілігінен және су тасқыны сияқты климаттық апаттардың зардап шегуде.
  1. Солтүстік Корея. Бұл ел бұқаралық ақпарат құралдарында президенті Ким Чен Ынның диктатуралық әрекеттері арқылы танымал. Мемлекеттің шекарасы жабық және әлемде атом бомбасынан бас тартпаған жалғыз ел. Адам құқықтары жөнінде халықаралық ұйымдар тұрғындарын бас бостандығы мен құқықтары шектелетінін айтады. Солтүстік Кореяда адамдарды заңсыз ұстау, азаптау және өзге де қатігездіктер жиі кездеседі. Сондай-ақ мемлекетте өлім жазасы бар.
  1. Сирия. 2011 жылы басталған қарулы қақтығысқа, яғни азаматтық соғысқа байланысты ең қауіпті ел болып саналады. Бұл мемлекетте түрлі лаңкестік топтар жиналған. Олар өзара бақталас. Билікке ие болу үшін адам шығындарын еселеп арттыруда. Босқындардың саны 5 миллионнан асып кетті. Елдегі күнкөріс жағдайы төмен. Азық-түлік тапшы.
  1. Йемен. Қазір саяхатшылар үшін терроризм, адам ұрлау және зорлық-зомбылық қылмыстары сияқты себептерге байланысты қауіпті жер. Үкімет пен оның қауіпсіздік күштері қарапайым азаматтарды азаптау, адамгершілікке жат қылықтар мен соттан тыс жазалар қолданады. Сөз, баспасөз, дін бостандықтары шектелген.

https://turkystan.kz/article/224884-elemdegi-en-kauipti-10-memleket/

Leave A Reply

Your email address will not be published.