Жамбыл облысында ұрылардың қолынан зардап шеккен кісі көз жұмды

749

Қаскөйлердің қолынан ауыр жарақат алған Жамбыл облысы Қордай ауылының тұрғыны Владимир Бойко ауруханада жатып көз жұмды. Дәрігерлер 68 жастағы зейнеткердің өмірін сақтап қала алмады. Ал оны өлімше етіп сабағандар әлі күнге ұстатпай жүр.

Марқұм мен оның жұбайы Лидия Бойко екі жеті бұрын Бішкектегі ауруханаға жатқызылған еді. Үйлеріне түскен ұрылар зейнеткерлердің қол-аяғын байлап, ауыздарын скочпен матап әбден азаптаған. Әсіресе, Владимир Бойко қатты зардап шекті. Оның бірнеше қабырғасы сынып, тістері түгел қағылған. Және басына да ауыр соққы тиіп, денесі көкала қойдай болды. Сау –тамтығы қалмаған қария өмірінің соңғы күндері тіптен ес-түссіз жатқан. Ал марқұмның шаңырағына түскен қарақшылар 500 еуро мен 100 мың теңгені үптеп кетті. Қазір оларға іздеу жарияланған. Бірақ қарақшылар әлі ұсталмапты. Тіпті Қордай тұрғындарын аяғынан тік тұрғызған қаскөйлер туралы облыстық ішкі істер департаменті де мардымды мәлімет бермей отыр. Сондықтан өз қауіпсіздіктеріне алаңдаған жұрт тәртіп сақшыларының дәрменсіздігіне наразылық білдіріп, ұрылар ұсталғанша ауданда команданттық сағат жариялауды талап еткен болатын.

ktk.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.