ҰРПАҚТАРЫ ҰЛЫҚТАДЫ

667
«Өлгендер разы болмай, тірілер байымайды» демекші Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылындағы Прекешовтер әулеті әкелері, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз марқұм Әби Прекешовтың туғанына 100 жыл толуына орай үстел теннисінен ауданаралық турнир ұйымдастырды.
Турнирге көрші Талас ауданынан, Тараз қаласынан, Сарысу ауданынан және Түркстан облысынан, Шымкент қаласынан барлығы 22 теннисші қатысты. Турнир 60 жасқа дейін және 60 жастан асқан теннисшілер бойынша екі топқа бөлініп өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатында Сарысу ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп турнирді ашып берді.
Тартысты өткен жарыста 60 жастан асқандар тобы бойынша жүлделі 1 орынды шымкенттік спортшы Т Ишимов, 2 орынды тараздық Шахтыбай Байғанов, 3 орынды Түркстан облысынан келген тенисші Б. Тайлақбаев еншіледі. Ал, 60 жасқа дейінгі топ бойынша 1 орынды «Қаратау» тау кен өңдеу кешенінің энергетигі Қалкен Қарақұлов, 2 орынды Еврохим компаниясынан ААсанов, 3 орынды ЖЖФЗ Қ.Құнанбеков қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдары, медальдары табысталды.Турнирдің егесі, Әби Прекешовтың ұлы, «Қаратау» тау кен өңдеу кешенінің бас энергетигі Нұрхан Прекешов ақшалай, заттай сыйлықтармен марапаттады.
Жеңіс тұғырынан көрінбеген осы турнирге қатысқан барлық спортшыларға арнайы диплом мен естелік сыйлықтар берді. Турнирдің жоғары дәрежеде өткізілуіне атсалысқан дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбол Бердібаевқа, 26 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Серік Ниязовқа және төрешілер алқасына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Осы жолдардың авторы өз атынан Тараз қаласынан келіп турнирге қатысқан, химия өнеркәсібінің ардагері Шахтыбай Байғановқа ақшалай сыйлық берді. Нұрхан Прекешов барлық қатысушыларға рахметін жеткізді және турнир қонақтарына арнайы жайылған дастарханнан дәм берді. Соңында естелік суретке түсті. Турнирге қатысушылар дән ризашылықпен тарқасты.
Диханбай Акдилда, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.