Астанада тұрғын үй кешеніне құрылыс краны құлады

113

Бүгін елордада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде құрылыс краны құлады деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ ӨҚК Астана қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

«19 сәуірде сағат 09:25 шамасында Астана қаласы, Комсомольский т.м., Ақын Сара көшесі 53 учаскесінде орналасқан Inshaat Invest ЖШС-нің «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» құрылыс алаңында QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

«Департамент жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі тұлғаларды тарта отырып, оқиғаның мән-жайын анықтау, сондай-ақ тиісті тергеу жүргізу мақсатында арнайы комиссия құрады», – деп қосты департамент өкілдері.

Айта кетсек, оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, келеңсіз жайт шамадан тыс жүктеме салдарынан болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.