Көктайғақ, тұман: 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

85
Қазгидромет 19 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты 14 өңірде дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде Алакөл көлдерінің аудандарында кей уақытта 23-28 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 2-7 градус үсік болуы мүмкін.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с .

Алматы облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі.

Алматыда 1-3 градус үсік күтіледі.

Астанада көктайғақ, тұман күтіледі.

Абай облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.

Павлодар облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19-20 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 19 сәуірде түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік, 20 сәуірде облыстың таулы аудандарында 1-3 градус үсік болуы мүмкін.

https://turkystan.kz/article/220270-koktaygak-tuman-14-onirde-aua-rayyna-baylanysty-eskertu-zhariyalandy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.