2 млрд теңге: Талдықорғанда білім бөлімінің қызметкерлері ұсталды

112

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған азаматтар білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына жалақы түріндегі өтеусіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деп күдіктенеді.

«Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда істің мән-жайларына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік объектісіне, қымбат автокөліктерге тыйым салынды. Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – делінген хабарламада.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/220334-2-mlrd-tenge-taldykorganda-bilim-boliminin-kyzmetkerleri-ustaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.