Жүкті әйелін ұрған астаналық азамат 10 тәулікке қамауға алынды

124

Астаналық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.

«102» арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түсті.

42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, ұрып-соққаны анықталды.

«Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/220219-zhukti-eyelin-urgan-astanalyk-azamat-10-teulikke-kamauga-alyndy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.