Цифрлық қосымшалар қызмет алуды жеңілдетеді

163
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл филиалы жеке және заңды тұлғалар үшін «ЦОН» қосымшасында ЭЦҚ алу мүмкіндігін енгізді. Ол үшін қосымшаға кіріп «бейне қызметі» батырмасын басу керек. Оператордың қосылуын күтіп, ол жеке куәлік пен SMS арқылы келген кодты сұрап, өтінімді қабылдайды.

Қазіргі таңда «ЦОН» қосымшасы арқылы 38 қызмет алуға болады. Тізімді әлі де толықтырылуда.

Қосымша арқылы ХҚО-ға баруды алдын-ала брондауға, электронды кезек талонын алуға, сізге жақын орналасқан ХҚО мекенжайын және өзекті мәселелерді көруге болады. Біз қосымшадағы қолжетімді қызметтер тізімін кеңейту ХҚО-ға келушілер санын азайтуға мүмкіндік береді деп сенеміз.

 Қосымшаны Google Play және App Store онлайн-дүкендерден жүктеп алуға болады.

  1. Egov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын Google Play-де, AppStore-да жүктеп алуға болады.

Қосымшаның негізгі бетінде:

Цифрлық құжаттар — eGov Mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау сервисі. Сервис азаматқа, түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, оның келісімі бойынша үшінші тұлғаларға құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, цифрлық құжаттар офлайн режимінде қолжетімді.

Сервисте:

  1. eOtinsh — мемлекеттік органдарға өтінім(өтініштер) беруге, өтінімдерді өтініш бөлімінде көруге болады.
  2. eSalyq — бюджетпен есеп айырысу бойынша мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ деректемелерді көрсетпей салық әмиянын толтыруға мүмкіндік береді.
  3. eDansaulyq— донорлық мәртебесі, электрондық рецепттер, медициналық арналар, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу, ауруханаға жатқызу, зертханалық зерттеулер нәтижелері және аурухана парақтары бойынша халық үшін ақпаратты көрсетеді.
  4. Электрондық еңбек биржасы— жұмыс іздеуге мүмкіндік беретін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң.
  5. Зейнетақы калькуляторы— сіздің болашақ зейнетақы төлемдеріңіздің болжамды мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді.
  6. Электрондық рецепттер— тағайындалған рецепттер туралы ақпарат көрсетіледі

 

  1. Халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне электрондық талонды Анықтама секторы (ресепшн) мамандарына жүгінбей-ақ QR сканерлеу арқылы алу мүмкіншілігі бар.

Талонды QR арқылы алу үшін, ұялы телефонға «ЦОН» қосымшасын «Play market», «App Store» арқылы жүктейміз. Әрі қарай, талон алу батырмасын басып, бөлімнің QR сканерлеп, қажет бағыт бойынша талонды аласыз.

  1. QR сауалнама, Experience сервисі бойынша:

Қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін анықтап, қызмет көрсету сапасын қадағалау мақсатында, фронт-офистерде қызмет алғаннан соң қызмет көрсету деңгейін бағалау мүмкіндігі бар. Яғни, қызмет алушылар, QR сауалнама арқылы немесе СМС арқылы әр бағыт бойынша өз бағаларын қойып, комментарийлер жаза алады. 2022 жылы жалпы пікір саны 130 031, оның ішінде 127 608 пікір оң болса, 2423 пікірі теріс.

Бұл теріс пікірлер бойынша кері байланыс жасап, нәтижесінде әр бөліммен жеке жұмыстар жүргізіліп, қанағаттану деңгейін жоғарылату мақсатында шаралар қолданды.

  1. Мемлекеттік баж төлемдерін QR арқылы төлеу мүмкіндігі:

Қазіргі таңда қызметалушылар Филиал фронт-офистерінің реттеу залдары және құжаттандыру секторларында Kaspi, Homebank мобильдік қосымшалары арқылы  QR төлемдерін жүзеге асыру мүмкіндіктері бар.

2022 жылдың 12 айында 170 013 қызмет үшін түрлі мемлекеттік баж төлемдері QR код арқылы жалпы 1 051 707 334 теңге төленді.

  1. 45 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі (дайын құжат) туралы хабарлайтын сервис

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы SMS-хабарлама арқылы 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы хабарлайтын  сервисті іске қосты. Енді көрсетілетін қызметті алушы қызметтің нәтижесін білу үшін орталықтарға  екінші рет бармайтын болды.

Тізімге енген мемлекеттік қызметтердің арасында бала тууы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, баланы мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақы тағайындау, еңбек мигранттары рұқсатын рәсімдеу немесе ұзарту және спорттық атақтар беру сынды мемлекеттік қызметтер бар.

«Бұрын клиент осындай қызметтер бойынша ХҚО-ға келіп, қызметті ресімдеу үшін өтінім беріп, дайын құжатты алар кезде қолхат алатын. Содан кейін ол қажетті құжатты алу үшін қайтадан келуге мәжбүр болды. Біздің бұл сервисіміз ХҚО-ға екінші рет бару қажетін жоққа шығарады. Көрсетілетін қызметті алушыға сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді, ол арқылы дайын құжатты жүктеуге және қажет болған жағдайда оны басып шығаруға болады. Бұл жүйе азаматтардың уақытын едәуір үнемдейтіні сөзсіз.

  1. Қызмет алушылардың уақытын үнемдеу мақсатында Филиалда Mykhat»

және Яндекс сервистері арқылы дайын құжаттарды қызмет алушылардың мекен-жайына жеткізу мүмкіндіктері бар. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттың дайындығы туралы SMS келген соң, дайын құжатты жеткізу үшін сілтеме бойынша Майхат, Яндекс жеткізуге өтеді. Әрі қарай деректерді толтырып, төлемді төлейді. Яндекс бойынша жеткізу кезінде, ХҚКБ-нің 6 цифрлық кодын СМС-кодпен базаға енгізіп, тізілімге қол қойып, құжаттарды алып кетеді. Көрсетілетін қызметті алушыға курьердің уақыты мен бағыты туралы хабарлама келеді (2 сағат ішінде жеткізіледі). Құжаттарды алған кезде көрсетілетін қызметті алушыға жеке басын растау үшін SMS хабарлама келіп түседі.

Mykhat курьері дайын құжаттарды алу үшін ХҚКБ-не келіп,  құжаттарды алу үшін тізілімге қол қояды. Жеткізу бір күн ішінде немесе келесі күні жүзеге асырылады.

 2022 жылдың 12 айында барлығы 1931 үйіне дейін жеткізу жүзеге асырылған.

  1. ХҚК бөлімдеріне электронды кезекті брондау.

ХККБ-нің  кез келген операторына кезекті брондауға мүмкіндік бар. Алдын ала брондау тәулігіне бір рет рұқсат етіледі. Кезекті Egov.kz. порталы және Egov.Mobil. Telegram.bot қосымшалары арқылы жүзеге асыруға болады. Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелген жағдайда, ХҚКБ-не кезекті сәтті броньдау туралы СМС-хабарлама келіп түседі. ХҚКБ-не брондалған уақыттың басталуына 15 минут қалғанда келу қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.